• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама  көпшілік назарына ұсынылды

520 рет
көрсетілді

Ақтауда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Жұмабай, арнайы мониторинг тобының төрайымы Р.Алдоңғарова және арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Ә.Мановтың қатысуымен ұйымдастырылған арнайы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық баяндама жұртшылықтың назарына ұсынылды.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Аумақтық департамент өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасында көрініс тапқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының даму кезеңдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы      іс-қимылда қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы дамыту перспективалары мен үрдістері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларына тоқталып өтті.

Ұлттық баяндамада тереңірек тоқталған мәселелердің бірі – еліміздің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерінің жақсаруы. Transparency International халықаралық ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау рейтингісі бойынша Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша 122 орынға көтерілді (2016ж. 131 орында болған). Яғни, бұл жағдай еліміздің сыбайлас жемқорлық тамырын тереңге жайған мемлекеттердің қатарынан шығып, профилактикалық шаралардың оң нәтиже бергендігінің дәлелі.

 Сонымен бірге, спикер Агенттіктің бастамасымен еліміздің тарихында тұңғыш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жобалық менеджменттің қолданысқа енгізілгендігін баса айтты. Атап айтқанда, «Астана – адалдық алаңы» атты пилоттық жоба шеңберінде Астана қаласында жобалық кеңсе құрылып, түрлі саладағы сарапшылардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелер жан-жақты талданып, шешімін таппақ. Пилоттық жоба Елордамызда жүргізіліп болған соң, еліміздің басқа да аумақтарына енгізілмек.  

Өз кезегінде облыстық арнайы мониторинг тобының өкілдері сыбайлас жемқорлық сияқты қоғам індетімен күресуге бүкіл қоғам болып атсалысу қажеттігін жеткізіп, арнайы мониторинг тобының алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. 

 Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

 «Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы